Қазақстанның 95%-ы орыс тілінде сөйлейді – Дәурен Абаев
Фото: parlam.kz
Еліміздің Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстан халқының 95%-ы орысша сөйлейтінін және оны мықты тұсы деп санайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәурен Абаев әрбір қазақстандықтың орыс тілін білетініне қуанышты екенін айтты.
"Менің ойымша, Қазақстанда халықтың 95%-ы орыс тілінде сөйлейді. Орыс тілін білу біздің күшіміз деп есептейміз. Әрине, елімізде мемлекеттік тіл қазақ тіліне басымдық беріледі. Оның рөлі жыл сайын артып келеді. Бірақ, еліміздегі әрбір адамның орыс тілін білетініне қуаныштымыз. Өйткені бұл біздің артықшылығымыз", – деді дипломат.
Абаевтың сөзінше, Қазақстандағы 7 мың мектептің шамамен 3 мыңында білім беру орыс тілінде жүргізіледі. Оның үстіне, барлық мектепте орыс тілін оқыту міндетті дейді ол.
"Орыс тілін Қазақстанда біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттыратын тіл деп санаймыз", – деді ол.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп, ажырастым деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.