Қазақстаннан дизель мен бензин экспорттауға тағы 6 айға тыйым салынды
Бензин мен дизель отынын ел аумағынан шығаруға қатысты салынған тыйым тағы да алты айға созылды. Шектеу 12 шілде күні күшіне енеді. Бірнеше министрліктің бірлескен бұйрығы "Ашық" нормативтік құқықтық актілер" порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес мұнай өнімдерінің кейбір түрлері мен жанар-жағармайды кез келген автотранспорт көмегімен шекара асыруға шектеу салынды. Яғни жүргізушілер көлігіне тек багына сыятын бензинді ғана құя алады. Сондай-ақ жанар-жағармайды сыйымдылығы 20 литрден аспайтын арнайы құтыға құйып алуға мүмкіндігі бар. Мұның бәрін тиісті өкілеттіліктері аясында мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі қадағалайды.
Ал полицейлер тыйым талаптарының бұзылмауын бақылауға алады. Айта кетейік, бұған дейінгі шектеу 21 қарашада күшіне еніп, 21 мамырда аяқталған еді. Сол кезде энергетика министрі Болат Ақшолақов мораторий тағы 6 айға созылатынын айтқан.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"