Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық банктің менеджерлері клиенттерінің есеп шотынан ақша ұрлаған

Қазақстандық банктің менеджерлері клиенттерінің сыртынан құжат толтырып, олжаға кенеліп отырыпты. Әйтсе де клиенттерінен ірі көлемде ақша жымқырған «АТФ банк» пен «Сбербанктің» қызметкерлері сотталып тынды. Банкирлердің алаяқтықпен айналысқанын қаржы ұйымдарының ішкі қауіпсіздік қызметі анықтаған екен. Тергеушілер тексере келгенде, «АТФ банктің» төрт бірдей қызметкері жымысқы әрекетін 2015 жылдың қыркүйегі мен 2016 жылдың наурыз айы аралығында жасағаны анықталған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Ал «Сбербанкті» тақырға отырғызған банк филиалдарының бірінің басшысының орынбасары болып шықты.

Қаржы құйтұрқылығы белгілі болған сәттен-ақ ақшасын жоғалтқан адамдардың есепшоттары дереу банктің өз есебінен толтырылған. Ал банктің өзі кінәлі азаматтардан сот арқылы қайтарып алып жатыр. Өз клиенттеріне опасыздық жасаған «АТФ банктің» төрт қызметкері мен «Сбербанктің» екі қызметкері болып отыр. АТФ банк бойынша жағдай былай: қарапайым бір менеджер осыдан тура екі жыл бұрын арам ойға кетіп, біреудің ақшасына қол салмақ болған. Бірақ, оған көмекші керек болып, қасына тағы бір менеджерді көндіріпті.

Артынша оларға тағы екеуі қосылған. Олар жиналып алып өңкей банкте есепшоттары бар, бірақ, банк карталары жоқ адамдарды таңдап алған. Сөйтіп, олардың келісімінсіз карталар жасап, ағымдық есепшоттарын картаға ауыстырып, сөйтіп, банкоматтардан шешіп алып отырған. Осындай жолмен жеті ай ішінде ағымдық есепшоттардан жалпы көлемі 114 миллион теңге жоқ болған. Банктің қауіпсіздік қызметі оларды биыл ғана анықтаған екен. Осы мәселе жөнінде банктің қауіпсіздік қызметінің бастығы түсініктеме берген болатын.

“Қылмыскерлер өзара келісіп алып, клиенттердің өтінішін орындап, есепшоттағы қалған қалдығын заңсыз жолмен өздеріне аударып отырған. Бұл жағдайда тек банк қана зардап шегіп отыр. Өйткені, клиенттердің қаражаты банктің өз есебінен толтырылды”, – деді «АТФБанк» АҚ Қауіпсіздік қызметінің бастығы Ғазиз Тұрғынбаев.

Ал белгілі болған айғақтар дереу тиісті орындарға табысталып, қазір алаяқтардың барлығы ұсталған. Біреуі 5 жылға қамалды. Екеуіне сондай жаза шартты түрде берілді.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте полицейден таяқ жеген қыздың өзіне қылмыстық іс қозғалды

Атырауда оқушы қызды зорлап өлтірген педофил ұзақ мерзімге сотталды

Түркияда жол апатынан зардап шеккендерге әлі санавиация жіберілмеген болып шықты

ШҚО-да ешқашан мектепке бармаған екі бала Маугли секілді өмір сүріп жатыр

Талқылау