Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық актер Есім Сегізбаев 81 жасында дүниеден озды

Мәдениет қайраткері Есім Сегізбаевтың дүниеден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Актер осыдан 81 жыл бұрын, яғни 1937 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. Ол Көкшетау облысы, Рузай ауданы, Сарыадыр ауылының тумасы.

Есім Сегізбаев актерлықпен қатар педагогтылықты да бірге алып жүрген. Қазақ ұлттық өнер академиясында сабақ берген. Ол екі жүзден аса шәкіртті оқытқан.

Марқұм Шучинск қаласындағы техникумды бітіріп, 1958-1961 жылдар аралығында әскер қатарында аға лейтенант болған. 1961 жылы Құрманғазы атындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына, кино және драма актеры мамандығына түсіп, оны 1965 жылы тәмамдаған.

Ол 13 жыл бойы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында білікті маман, дарынды актер ретінде жұмыс істеген. Есім Сегізбаевтың еңбек жолы 58 жылды құрайды. Оның ішінде қырық жетісі өнерге арналған.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Stan.kz
Жексенбі, 25 Қараша, 2018 17:56