Қазақстандықтарды Кореяда ресми жұмысқа қабылдайтын бағдарлама қашан іске қосылады
Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-ик қазақстандықтарды заңды жұмыспен қамту бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото pexels
Дипломаттың айтуынша, Оңтүстік Кореядағы Employment Permit System жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесі қазір 17 елге, оның ішінде Орталық Азияның үш еліне: Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға таралған.
"Мен қазақстандық үкіметпен келіссөздеріміз қолайлы жүріп жатыр деп санаймын және осы жылы Қазақстанда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесін енгіземіз деп күтемін. Осыдан кейін қазақстандықтарға Кореяда 3 жыл жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Біз жұмыссыздықтан, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және медициналық базалық сақтандыруды және зейнетақы аударымдарымен қаммтамасыз етуді ұсынамыз. Мұндай қорғау Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық жұмысшылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үшін өте маңызды",-деді Чжо Тэ-ик.
Елші жүйе аясында Кореяда жұмыс істегісі келетін қазақстандықтар үшін тестілеуді ұйымдастыру үшін қазақстандық билікпен ынтымақтастық жоспарланғанын атап өтті.
"Тілдік кедергі мәселесі өте маңызды. Нұсқауларды дұрыс түсінбеу немесе корей қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан Кореяға жұмыс істеуге келген қазақстандық қызметкерлер үшін тілді белгілі бір деңгейде білу маңызды. Корей тілінен шағын тест өткізіледі. Содан кейін олар болашақ корей әріптестерімен онлайн режимінде өзара байланысады. Кейін жұмысқа рұқсат беру туралы келісім жасалады. Осыдан кейін Кореядағы жаңа жұмысқа бейімделу үшін дайындық жүргізіледі. Осыдан кейін олар Кореяға бара алады", - деп қосты ол.
Дипломат бұл жүйе қазір Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға қолданылмайтынын атап өтті.
"Олар болашақта Кореяда EPS жүйесі бойынша жұмыс істей алуы үшін Қазақстанға оралып, осы жерден EPS жүйесіне өтініш беруі керек", - деп түйіндеді Чжо Тэ-ик.