Қазақстандықтар мен қырғыз азаматтары Катовицеден Нұр-Сұлтанға үшінші рейспен ұшып келді
Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар үшінші рейспен Нұр-Сұлтанға ұшып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан азаматтарын алдымен Украинадан Польша аумағына эвакуациялаған. "Air Astana" компаниясының ұшағы Катовицеден Нұр-Сұлтан уақытымен 21:55-те ұшып шығып, әуежайға 02:54-те жетті. Бортта 131 жолаушы болған, олардың 20-сы балалар.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл рейспен Қырғызстанның екі азаматы ұшып келген.
Айта кетейік, Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген ұшақ 1 наурызда Нұр-Сұлтанға келген еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды