Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген екінші ұшақ Нұр-Сұлтанға қонды
Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген Air Astana ұшағы Нұр-Сұлтанға қонды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Қазақстан сыртқы істер министрлігі осы мақсатта ұйымдастырып отырған екінші ұшақ.
Air Astana Airbus A320 ұшағы 1 наурызда Катовицеден Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15.44-те шыққан. Ұшақ Қазақстан астанасының әуежайына 21.03-те қонды. Ұшақта Украина аумағынан Польшаға эвакуацияланған 120 қазақстандық, оның ішінде төрт бала болған.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жолаушыларға қала бойынша тасымалдау үшін үш автобус берді.
Әуе компаниясының хабарлауынша, елге ұшқысы келетін қазақстандықтардың тізімі жасақталғандықтан, келесі репатриациялық рейстер орындалады.
Барлық қазақстандықтар Қазақстан үкіметімен келісім бойынша өз отанына тегін жеткізіледі.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"