Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Несиелерімізді кім төлеп береді": Қазақстандықтар енгізілетін карантинге байланысты әлеуметтік төлемдерді талап етуде

Үкіметтік комиссия елімізде 5 шілдеден бастап қайта карантин енгізу туралы шешімге келді. Шенеуніктердің айтуынша, алғашында 14 күн деп жоспарланған шектеу режимі одан әрі ұзартылуы мүмкін екен. Мұны естіген халық абдырап қалды. Себебі карантин дегеніміз бірінші кезекте бірқатар нысандардың жұмыстарының тоқтауы. Өз кезегінде қазақстандықтар бұл жағдайда мемлекет 42500 теңге мен басқа да әлеуметтік төлемдерді қайта тағайындауы керек деген пікірде көрінеді. 

42 500

Карантин енгізіледі дегенде қазақстандықтардың көбі табыссыз қалатындарын бірден ойлады. Мәселенің түп-төркінін шешіп алу үшін кешегі өткен брифингте журналистер премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа карантин енгізілсе, 42 500 теңге қайта төленеді ме деген сауал қойыпты. Алайда үкімет басшысының бірінші орынбасары әлеуметтік жәрдемақы тағайындалмайтынын кесіп айтты. 

"Барлық төлемақылар төтенше жағдай режимімен байланысты. Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, енді 42 500 теңге төлеуге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан барлық азаматтар жұмысын жалғастыруы керек", - деді Ералы Тоғжанов.

Тоғжанов бұл сөзімен халықты састырып тастады. Өйткені карантин жарияланса, қара халық қайтадан жұмыссыз қалмақ. 

"42 500 төленсін, жұмысcыз отырмыз. Карантин болса, қандай жұмыс?". 

"Барлық жер қайта жабылса, нанымызды қалай тауып жемекпіз? Несиелеріміз тағы бар, оны кім төлеп береді? Неге үкімет мұны ойламайды?".

"Банктер несиені төлеуді талап етуде. Олардың ауыздарына карантин қақпақ болмайды ғой. Несиемізді қалай төлейміз?".

"Карантин - халықты қанау! Жұмысымыз тоқтаса, біздің отбасымыздың жайы енді не болады".

"Бұл нағыз заңбұзушылық! Төтенше жағдай енгізілмей, карантинді жариялау -  бұл заң бұзудың айқын көрінісі. Бірінші рет карантин енгізілгенде шенеуніктер бұл жағдайдың мемлекетке тиімсіз екенін байқады. Ақша жоқ болғандықтан енді төтенше жағдай енгізбей, шектеу шараларын қайта күшейтпек. Мемлекет әлеуметтік төлемдер жасаудан осылайша бас сауғаламақшы", - деп жазыпты желі қолданушылары. 

Айта кетейік, үкіметтің шешімімен мына нысандардың жұмысы 5 шілдеден бастап тоқтатылады:

  • сұлулық салондары;
  • шаштараз;
  • спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейндер; 
  • азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлар;
  • жағажайлар, аквапарктер;
  • мәдениет нысандары, музейлер, көрмелер, форумдар, конференциялар және өзге де ұйымдастырылған бұқаралық іс-шаралар;
  • ойын-сауық орталықтары;
  • мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа);
  • діни нысандар және т. б.
  • ойын-сауық нысандары (караоке, бильярд, компьютер клубтары, боулинг орталықтары);
  • кинотеатрлар;
  •  балаларды сауықтыру лагерлері;
  •  фудкорттар, банкет залдары.

Көктемде үйінде жатып шығынға белшесінен батқан халықтың ендігі жағдайы не боларын уақыт көрсетеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр