Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инвестор болыңыз: Инвестиция жасауды қайдан үйренген дұрыс?

Тұрақты кіріс көзіне ие болып, қаржылық ауқаттылығын орнықтырған әрбір азамат қор жинаудың құралдары мен табысын одан әрі арттыру туралы ойланары анық. Осындай инвестициялаудың бір құралы ретінде бағалы қағаздарды айтуға болады. Ал оған қаражатты дұрыс бағыттау үшін міндетті түрде бұл салада біліміңізді кеңейтіп, биржа нарығындағы өзіндік стратегияыңызды құрастырып алған жөн. 

фридом

Биыл онлайн-оқытудың қоғам арасында танымалдылығы арта түсті. Заманауи технологиялардың көмегімен университеттегі студенттен бастап, еңкейген кәріге дейін өздерінің қаржылық сауаттылығын дамытып, инвесторлық тәжірибесін өрге домалата алады. 

Қазақстандықтар үшін инвестициялау саласында білім алуға арналған бірегей платформаларының бірі Фридом Финанс Академиясын болып табылады. Академияда тәжірибелі оқытушылар құрамы (инвесторлар, трейдерлер мен сарапшылар) өз білгендерімен бөлісіп қана қоймай, курстың әрбір қатысушысы жеке шот ашып, нарық жағдайын өз бетінше сараптап, деректерді түсініп, өз портфеліне акцияларды іріктеп алатындай орта қалыптастырады. 

Академия 2019 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ал 2020 жылы сәуірде Фридом Финанс Академиясы барлық курстарын онлайн-форматқа ауыстырды. 

Академия мәлімтеттеріне сүйенсек, курстың қатысушылары арасында, әсіресе, қаржылық жағынан тәуелсіз болғысы келетін жастардың саны көбеюде. 

"Биржа нарығында кез келген адам табыс таба алады. Ал ең тиімді инвестиция, әрине, білімге деген инвестиция. Академия сіздерге қор жинаудағы мақсатыңызды айқындап, жеке стратегияңызды құрастыруға мүмкіндік сыйлайды".

Фридом Финанс Академиясының көптеген қатысушылары - Қазақстанның ірі қалаларының тұрғындары. Десек те Академия курстарының онлайн-форматқа өтуі шетел азаматтарының да назарын аудара бастады. 

Фридом Финанс Академиясындағы оқу жүйесі инвестициялаудың қыр-сырын үйретіп, трейдингтің ең жоғары белесіне жеткізуге бағытталған. Академияда "Искусство инвестирования", сынды тегін, бұдан бөлек "Основы биржевого дела""Технический анализ basic""Фундаментальный анализ" сынды базалық және "Опционы для начинающих""Технический анализ Pro""Практический трейдинг""Как зарабатывать на IPO?" қосымша курстарын оқуға болады. 

Бір айта кетерлігі, опциондар мен трейдинг курстарын тәмәмдаған  қатысушылар қазірдің өзінде өз портфельдері бойынша табысын сәйкесінше 68% және 75% арттырған.

 

Әрбір қатысушының сайта жеке кабинеті болады, оның көмегімен тәлімгерлер үй тапсырмасын көріп, оқытушымен байланысқа шыға алады. Өз кезегінде, курс оқытушылар инвестиция саласында жетістікке жетудің 80%-ы тәлімгердің өзіне байланысты екенін айтады. 

фрид

Бүгінгі күні Академия басшылығы жаңа курстарды іске қосып, оқыту тәсілдерін дамытуды қолға алған. 

Фридом Финанс Академиясының курстарының уақыты, оқытушылары мен тарифтер жайлы төменде көрсетілген форманы толтыру арқылы білуге болады. 

Нарық пен құнды қағаздар жайлы жалпы кеңестер ұсына отырып, ұйым сіздің жеке жағдайыңыз бен инвестициялық мақсатыңызды ескермейді және инвестиция жайлы жеке ұсыныстар қарастырмайды. Бұған қоса кеңестерді белгілі бір құнды қағаздарды сату не сатып алу жайлы ұсыныс деп қабылдауға болмайды. Ұйымның болжамына, кеңестеріне немесе басқа да ақпараттарына негізделіп, құнды қағаздармен болған операциялардан келген шығындарға мекеме жауапты емес. 

Талқылау