Қазақстандық жасөспірім Australian Open Juniors теннис турнирінде сенсация жасады
Аустралия ашық біріншілігінің жасөспірімдер арасындағы сайысының бірінші айналымында қарағандылық Әмір Омарханов турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Федерико Чинаны жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алғашқы сетте Қазақстан теннисшісі 0:6 ұпайымен жеңілді. Алайда екінші және үшінші сетте 6:3, 6:3 есебімен Үлкен Дулыға турнирінің екінші айналымына өтті.
Әмір Ғабитұлы Омарханов 17 қараша 2007 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Дәл қазір Сербия астанасы Белград қаласында жаттығады.
Еске салсақ, қазақстандық жасөспірім трамплиннен секіруден Кореяда өткен қысқы Олимпиадада алтын медаль еншіледі.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады