Қазақстандық теннисші Венгриядағы турнирде үздік шықты
Қазақстандық теннисші Алан Құрманғалиев Венгрияда өткен турнирде екі мәрте жүлдегер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық Алан Құрманғалиев Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста екінші орынды иеленді. Алан болгариялық Стефан Димитровты (3:0), Люксембургтан барған Маэль Ван Дессельді (3:0), тайбэйлік Тай По-Чунды (3:2), румыниялық Драгоша Бужорды (3:0), словакиялық Михаил Ловгуды (3:2), швед спортшысы Исаак Альфредссонды (3:0) және корейлік Ли Чон Мокты (3:0) жеңді. Финалда венгриялық Балаж Лэйге 0:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Алан осы турнирде 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола медаль алған еді.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған

