Қазақстандық студент электр самокатпен жүріп, картадағы барлық ақшасынан айырылған
Қазақстандық студент кикшерингтік сервистердің бірінен электр самокатты жалға алып, ақшасыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Казахстан подешевле” Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Самокатты жалға алған жігіт сапарды аяқтауды ұмытып кеткені белгілі болды. Өзін нашар сезінген студент межелеген жерге жеткен соң, үйінде ұйықтап қалған. Таңертен тұрған кезде картасындағы барлық ақша, яғни 37 786 теңге жоқ боп кеткенін анықтаған.
Жәбірленушінің айтуынша, біреу сапардың аяқталмағанын байқап, оның картасымен жүрген. Енді құқық қорғау органдары жағдайды анықтауда.
Жағымсыз жағдайға тап болған студент электр самокатты жалға алатындарға сапарды аяқтаған кезде самокаттың фотосуретін телефонда сақтауға кеңес берді.
Еске сала кетейік, Қазақстанда электр самокат туралы жаңа заң іске қосылды.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты