Қазақстандық шахматшы әлемнің вице-чемпионын ұтып кетті
Халықаралық гроссмейтер, шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ринат Жұмабаев АҚШ спортшысы, әлемнің вице-чемпионы Фабиано Каруанадан басым түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстандық шахматшыға 3 раундтың екінші кезеңінде жеңіске жету оңайға соқпады, өйткені ол қара түсте ойнады. Алайда ойын барысында фигуралардың стандартты емес қатынасы бар позиция пайда болып, жерлесімізге қарсыласынан басым түсудің сәті түсті. 3 раундтың бірінші кезеңінде қазақстандық шахматшы қарсыласымен теңдей түсті, осылайша Ринат 1.5: 0.5 есебімен турнирдегі басты фавориттердің бірін жеңіп, әлем кубогының келесі кезеңіне жолдама алды", – делінген хабарламада.
Жерлесіміздің әлем кубогындағы келесі қарсыласы бүгін АҚШ гроссмейстері Сэм Шенкленд пен украиндық Александр Арещенко арасындағы тай-брек матчының қорытындысынан кейін белгілі болады.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?