Қазақстандық пара жүзуші Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық пара жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Нұрдәулет Жұмағали 100 метрге брасс әдісімен (SB13 санаты) жүзуде 1:04:83 нәтижемен екінші орынды иеленді.
Германиялық спортшы Талисо Энгель 1:01:90 нәтижемен алға шықты. Қола жүлде болса әзербайжандық спортшы Вели Исрафиловқа бұйырды.
Жарыс барысында Н.Жұмағали Азия рекордын жаңартты. Бұған дейін Нұрдәулет Токио Паралимпиадасында қола жүлде алған еді.
Айта кетейік, бұл Париж Паралимпиадасында Қазақстан қоржынындағы бесінші медаль.
Еске салсақ, бұған дейін отандасымыз Ақмарал Науатбектің дзюдодан Париж Паралимпиадасының чемпионы атанғаны туралы жазған едік.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады