Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада қастандық жасалған "Бәсе" YouTube арнасының авторы Айдос Садық көз жұмды

Қазақстандық оппозиционер, “Бәсе” арнасының негізін салушы Айдос Садық көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оған 18 маусымда Киевте оқ атып, қастандық жасаған еді. Содан бері ол ауруханада жатты. Әйелінің айтуынша, Киев уақыты бойынша 2 маусым сағат 3-те ол жан тапсырды.

“Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, қанішерлердің қолынан шейіт болды. Айдос он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып болмады. Оның өлімі Тоқаевтың ұятында”, – деді Айдос Садықтың әйелі Наталья Садық.

Еске салсақ, журналист Айдос Садықты Украинада атып кеткені айтылған еді. Кейін екі күдікті анықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға пікір білдіріп, дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы бұл оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберіп, нақты тапсырма бергенін жеткізді. 

Айдос Садықтың әйелі күдіктіні Киевке экстрадициялауды сұрады.

Талқылау