Қазақстандық гимнастшы Франциядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Айбота Ертайқызы Франциядағы турнирде үш рет жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өткен Гран-при турнирінде үздіктер қатарынан көрінді. Үш бағытта бағын сығаған отандасымыз алтын жүлде алуға жақын болды. Бірақ жаттығу барысында аздаған қателіктерге бой алдырып, күміс және қоланы місе тұтты. Ол шығыршық пен таспадағы жаттығудан күміс медаль иеленсе, доптағы жаттығудан финалдық сында қола медаль жеңіп алды. Айбота бұған дейін Грекияда өткен турнирде екі жаттығу бойынша алтын медаль иеленген еді.
Айта кетейік, Айбота Ертайқызы Ташкентте өтетін лицензиялық Азия чемпионатына қатысады. Оның Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алу мүмкіндігі мол.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"

