Қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебек Словакияның "Кошице" клубына ауысты
22 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек Словакияның “Кошице” футбол клубына ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ФК “Кощице”
Ғалымжан бұл маусымда астаналық “Жеңіс” сапында өнер көрсете бастаған еді. 2024 жылдың жазында футболшы Кипрдің екінші дивизионында ойнайтын “Акритас Хлоракас” клубына ауысты. Кипрлік команда сапында 13 ойында 4 гол соғып, бір нәтижелі пас берген еді.
Кенжебек екі дүркін Словакия чемпиондарымен 2,5 жылға келісімшартқа отырды. Қазір “Кошице” ішкі біріншілікте 18-турдан кейін жетінші орында келеді.
Қазақстан футболына 200 миллиард теңге қаражат бөлінген
Жартылай қорғаушы – алматылық “Қайрат” командасының түлегі. Тараздық футболшы былтыр Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған еді.
Талқылау
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?
Депутат Абзал Құспан тоқал алуды заңмен реттеу қажет екенін айтқан еді
Қазақстанда Coca Cola мен Pepsi сусындарының өндірісі тоқтай ма: Желіде жұртшылық алаңдаушылық танытты
Тұтынушы: "Енді бізге "Кола" Өзбекстаннан әкелініп жатыр екен"
