Қазақстандық файтер алғаш болып Хабиб лигасында чемпион атанды
Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен Eagle Fighting Championship лигасының 50-ші турнирі өтті. Жартылай ауыр сламақ дәрежесі бойынша қазақстандық Дияр Нұрғожай чемпиондық белбеу үшін таласты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз ресейлік Константин Андрейцевпен (18-14) жұдырықтасты. Жекпе-жек барлық 5 раундқа жалғасты. Төрешілер шешімен Дияр Нұрғожай жеңіске жетіп, Eagle FC чемпионы атанды.
Нұрғожай – Хабиб лигасында толыққанды чемпион болған алғашқы қазақстандық. Жарысқа лига иесі Хабиб Нұрмағамбетов пен президенті Шамиль Завуров та барған.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды

