Қазақстандық боксшы АҚШ-та екінші рет жеңіске жетті
Орта салмақтағы қазақстандық Темірлан Райымқұлов (4-1-2) АҚШ-та екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарт агенттігі.

Жекпе-жек Филадельфияда (Пенсильвания) өтті. Қазақстандық спортшы Карим Глэднимен жұдырықтасты (0-5).
Жекпе-жек соңына дейін созылып, төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Райымқұлов үшін бұл кәсіби мансабындағы төртінші жеңіс болса, Глэдни бесінші жеңіліске ұшырады.
10 қазанда Темірлан Райымқұлов кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ол сонымен қатар Филадельфияда өнер көрсетіп, америкалық Джадон Эрвинмен шайқасты.
Жекпе-жек жоспарланған төрт раундтың барлығынан өтті. Төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіс қазақстандық спортшыға бұйырды (үш рет 39-37).
"Жер мемлекет меншігінде қала береді": Сарапшылар Көкжайлауға тау курортын салуға қарсы шыққандарға жауап берді
Алматыда "Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу" бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр
"Макияж жасаса, күйеулері де ажырата алмайды": Егіз ағайындыға тұрмысқа шыққан егіз қыздар өмірлері туралы айтты
Екі отбасы “біздің өміріміз басқаларға қызық көрінуі мүмкін, бірақ біз үшін бұл қалыпты жағдай” дейді