Қазақстандық ауыр атлеттер жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді
Қазақстан ауыр атлетика құрамасы Бахрейнде өткен әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/qaz_team_official
Бахрейн астанасы Манамада өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстандық спортшылар бұл әлем чемпионатында 2 алтын және 1 күміс жүлде жеңіп алды. Бұл жарыста араға 10 жыл салып, 96 келіге дейінгі салмақта Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанса, Артем Антропов араға 9 жыл салып, 102 келіге дейінгі санатта топ жарды. Ал Алексей Чуркин күміс медаль (81 келіге дейін) иеленді. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша құрамамыз жалпыкомандалық есепте үздік үштікті түйіндеді. Қытай спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль иеленіп, 2-орынға жайғасса, Солтүстік Корея спортшылары 9 алтын, 5 күміс, 2 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы араға бірнеше салып, қайтадан үздіктер қатарынан көрініп отыр.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады

