Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш баланың анасының адам танымастай өзгеруі желі қолданушыларын таңдандырды (видео)

Видео желіде пайда болды, оны көргендер таңданысын жасыра алмады. Бас кейіпкер – Алмагүл есімді әйел. Үш баланы тәрбиелеп отырған ананың өзіне көңіл бөлуге уақыты болмаған. Ол сұлулық салонына жүгініп, қызының қоштасу кешіне бояндырып беруді сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: кадрдан скриншот

Сондай-ақ ролик кейіпкерінің алдыңғы тістері жоқ екен. Бұл жобаға тіс дәрігері тегін қатысып, тіс салып берді. Салон қызметкерлері әйелге бейнесі ұнау үшін бәрін мүмкіндігінше сапалы істеуге тырысқан. Әрі қарай Алмагүлге қолайлы киім таңдап, шопинг жасады. Салон қызметкерлерінің айтуынша, нәтижесі барлығын таңғалдырған.

"Мүлдем өзгердім, таң-тамаша болдым, көмектескендердің барлығына өте ризамын, сіздерге көп рақмет", – деді Алмагүл бейнесін көріп.

Желі қолданушылары да таңданыстарын жасыра алмады. 

“Сұп сұлу қызды қалай аздырады қазақтың еркектері. Қайын жұртқа емес қиын жұртқа тап болғандай”, “Өте әдемі әйел. Бояу қалай әдемі өзгертті”, “Қандай әдемі әйел, балалары бар деп ойламайсың”, “Енді осылай құлпырып жүр. Қандай әдемі. Өмір тоздырып жіберген екен”, – деп жазды олар. 

@mamacita.kz

 

♬ оригинальный звук - Mamacita

Бұған дейін Алматы облысының тумасы Нариман Әлімжанов 15 жасынан сән саласында жұмыс істеп жүргені туралы жаздық. 33 жастағы жігіт алғашқыда шаштараз болып, кейін кірпік жабыстыруды кәсіпке айналдырған. Кейіпкер біздің қоғамда ер адамдар да мұндай кәсіпті меңгере алатынын және өзі ойлап шығарған ерекше техникасы туралы Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Талқылау