Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстандағы мектеп асханалары ескертусіз тексеріледі

Фото: istockphoto

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыруға мемлекеттік бақылауды күшейтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл шешім Маңғыстау облысы мектептерінің асханаларында балалардың жаппай улану жағдайларынан кейін қабылданды.

Министрліктің мәлімдеуінше, қазіргі қолданыстағы заңнама нормалары балалардың барлық жүрген жерлерін мемлекеттік бақылау толық қамтуға мүмкіндік бермейді.

"Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуына байланысты мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін Денсаулық сақтау министрлігі білім беру объектілеріне мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі. Бұл тәсілдер балалардың барған орындарына ерекше мәртебе беру, тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастау арқылы объективті бағалау жүргізу және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында мониторингтік сапарларды енгізуді көздейді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысы мектеп асханаларындағы балалардың жаппай улануынан кейін 72 білім беру мекемесінің тізімі жасалды, ол жерлерде асханалардың жоспардан тыс тексерулері жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда 14 мектеп асханасы тексеруден өтті.

Улану оқиғаларын тергеу үшін ағарту және денсаулық сақтау министрліктерінің, сондай-ақ Бас прокуратураның өкілдерінен құралған ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Өткен жылдың қыркүйегінде Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте 460 оқушы жаппай уланған болатын, балалардың көпшілігі ауруханаға түсті. Оқушылардың ата-аналары журналистерге балалардың асханадан жиі сапасыз тамақ ішетініне шағымданған.

Айнұр Мұхади
Жексенбі, 27 Сәуір, 2025 11:15
Талқылау