Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы байлыққа салынатын салық: Қандай үйлер мен көліктер элиталы деңгейге жатады

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин елімізде автомобильдер мен пәтер иелері үшін салынатын сән-салтанат салығының мөлшерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Вице-министр мынадай дүниелерге салық салынатынын мәлімдеді:

  • жиынтық құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының көтерілген ставкалары;
  • кедендік құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу;
  • қымбат алкоголь және темекі өнімдеріне, сондай-ақ қымбат теңіз кемелеріне, ұшу аппараттарына акцизбен қосымша салық салу.

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Ерікұлының айтуынша бұл орта және шағын кәсіпкерлер үшін бірқатар қиындық туғызған еді. Олар табысын жасыру мақсатында туған-туыстарына жеке кәсіпкерлікті тіркеп, әуреге салынатын. Жаңа салық кодексі шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қолға алынып отыр.

"Осыған дейін 20 000 АЕК-тен асқан жағдайда ҚҚС төлейтін еді. Ол 70 миллион теңге болатын. Жаңа салық кодексіне сай, енді кәсіпкерлер 500 миллион теңгеден асқан жағдайда ғана қосымша құн салығын төлейтін болды", – деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Қазақстанда электронды үкімет порталында Жаңа салық кодексінің жобасы жарияланған еді. Оған сәйкес салықтар мен міндетті төлемдер санын 20% қысқарту жоспарланып отыр. Сонымен бірге 300 миллиард теңгеден астам сомаға 93 салық жеңілдіктерін алып тастау ұсынылған. 10 жылдан асқан көліктер үшін салық сомасы 30%, 20 жылдан асқандарға салық сомасы 50% төмендетілетін болады.

Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Еран Сағнаев қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне де қосымша 10% акциз салу жоспарланып отырғанын жеткізді.



“Қымбат алкогольдің литрі 500 мың теңгеден асады. Оларға коньяк, вискидің қымбат түрлері жатады. Деректерге сенсек, өткен жылы елімізге Macallan және басқа да премиум санаттағы виски, коньяктар әкелінген. Олардың литрінің құны 5-6 миллион теңгеге дейін жетеді. Ал темекі бойынша олардың кем дегенде бір талы 10 мыңнан асады. Сондықтан 10% мөлшерінде қосымша акциздік салық салынады", – деді Ерлан Сағнаев.

2025 жылдан бастап күшіне енетін жаңа салық кодексі қазан айында қабылданады деп жоспарланып отыр.

Талқылау