Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы байланыс операторларының тарифті көтеруіне қатысты тексеріс басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазақстандықтардың ұялы байланыс операторларының тарифтерді көтеруіне қатысты шағымдарынан кейін тексеру жүргізуді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

фото: mtrk.kz

Байланыс операторларының тарифтерді өсіру туралы хабарламасы бойынша қазір агенттік құзыреті шеңберінде тиісті жұмыс жүріп жатыр.

"Тұтынушылардың шағымдары алынды, олардың негізінде сұраныстар жіберілді, бағаларға мониторинг жүргізіле бастады. Бұл ретте агенттік монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде бағаны көтерудің негізділігін тексеру барысында ғана белгілей алады", - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, тарифтер негізсіз көтерілген болса, заң бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

"Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 159-бабына сәйкес субъектілер өз үстемдігін пайдаланып, жоғары баға белгілеп, оны ұстап тұру жағдайы анықталса, айыппұл қарастырылады. Заң талабына сәйкес монополиялық әдіспен табылған жыл ішіндегі кірістердің бес пайызы тәркіленеді",- деп мәлімдеді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері.

Айта кетейік, 2022 жылы өзінің міндеттемесіне сай сапалы қызмет көрсетпеген ұялы байланыс операторларына 3,4 млрд теңге айыппұл салынған еді.

Талқылау