Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қолданыста болған автокөліктер қымбаттай ма? Мамандар түсіндірді

Автосалондарда кезек пен дүрбелең неліктен пайда болды? Жаңа бағдарламаны енгізу қолданыста болған автокөліктердің бағасына қалай әсер етеді? Қазір ескі көліктердің жаңа көліктер бағасындағы айырмашылық айтарлықтай көп емес. Жаңа автоның бағасы қымбат болған сайын, ескі көліктердің де бағасы қымбаттай береді. Қатты қарыштап кеткен баға түсер емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Автокөлік сарапшысы Роман Масленников

“Дилерлік орталықтар клиенттерін өз көліктерімен толтырмайынша, ескі көліктерге сұраныс болады”, – дейді автокөлік сарапшысы Роман Масленников.

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы іске қосылғанда, автокөлік нарығы жанданады деп күтілуде. Көбісі ескі көліктерден арыла бастайды. Бірақ төмен бағамен көлікті кімнің сатқысы келеді?

Дәл осындай пікірді автокөлік әуесқойы Александр Лясота да айтады, ол өзінің темір тұлпарын сатып, қаражатқа жаңасын сатып алуға жұмсауға ниетті.



“Мен бұл көлікті өткен қыста үш миллионға сатып алдым. Қазір оның бағасы өсіп, 3 миллион 600 мыңға жуықтады. Яғни көлік жаңарған жоқ, бірақ оның бағасы көтерілді. Салондағы көліктердің бағасы төмендейді деуге әзірге себеп жоқ”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Александр Лясота.

Енді Ресейден жаңа көліктердің келуі тоқтатылды, ал дилерлер Еуропа мен Азиядан импорттауға мәжбүр болады. Ал бұл логистика үшін қосымша шығын.

“Сатып алушылардың бұл легі автосалондардан көлік алмаса, олар қайталама нарыққа кетеді. Қайталама нарық сұраныстың артуына байланысты, бағаны көтереді”, – дейді "За рулём" журналының бас редакторы Алексей Алексеев.

Жарнама сайттарында соңғы жылдардағы жүгірістері аздау көліктер жеткілікті. Онда олар салондардағы көліктерге қарағанда қымбатырақ, өйткені мұнда кезекте тұрудың қажеті жоқ. Жалпы, сарапшылардың пікірінше, баға теңгерімсіздігін тек жыл соңына дейін еркін нарық реттейді.

Талқылау