Қазақстанда жол қозғалысына қатысты айыппұлдардың бірі жойылмақ
Жол қозғалысына қатысты жарықтандыру құрылғыларын пайдалану ережесін бірінші рет бұзған жүргізушілерге ескерту жасалады. Тиісті заң сенатта бірінші оқылымда қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Депутат Евгений Больгерттің айтуынша, көлік жүргізушілері күндізгі уақытта сыртқы жарықтандыру құралдарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану ережелерін бірінші рет бұзса, тек ескерту түрінде жаза тағайындалады. Ал қолданыстағы нормадан баламалы жаза ретінде қайталап бұзған жағдайда салынатын айыппұл алынып тасталады.
Еске сала кетейік, күндізгі уақытта барлық қозғалыстағы көліктерде (велосипедтерден басқа) оларды көрсету үшін аз сәулелі фаралар немесе күндізгі жарық шамдары қосулы болуы керек.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық жүргізушілер екі жолақты жолда бір тұтас сызықты кесіп өткені үшін куәлігінен айырылатыны туралы жазған едік.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"