Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатылымы 13% өскен
Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үй сатылымының саны 304,4 мыңға жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда жекелеген айлар бойынша да, жалпы кезең бойынша да айтарлықтай өсім байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Finprom.kz
Осы жылы 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда жылжымайтын мүлік сатылымы 12,7% өсті. Көрсеткіштің жалпы санының 68,4 мыңы жеке үйлерге тиесілі, ал көппәтерлі үйлердегі пәтерлерге 236 мың мәміле жасалған.
Өңірлер бойынша Алматы (59,7 мың) қаласында ең көп мәміле жасаған. Одан кейінгі орында Астана (53,1 мың) тұр. Сондай-ақ Қарағанды облысыда 24,1 мың транзакция жасалған.
“Батыс Қазақстан облысында (40,5%), Алматыда (28,5%) және Шымкентте (23,8%) үй алып-сату мәмілелерінің өсімі байқалады. Алып-сатудың басым көпшілігі жаңа салынған үйлерге тиесілі. Өйткені мұндай тұрғын үйді ипотекаға алу оңайырақ. Ал ипотека – Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығының негізгі қозғаушы күші”, – деп жазды басылым.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген