Қазақстанда вебкам мен онлайн жезөкшелікке тыйым салынды: Заң күшіне енді
Елімізде 5 қыркүйекте "Адам саудасына қарсы күрес туралы" заң күшіне енді. Енді онлайн жезөкшелікпен айналысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pexels
Қазақстанның қылмыстық кодексіне "жыныстық сипаттағы өзге де қызметтер" деген жаңа ұғым енгізілді. Адамдарды өзге де интимдік сипаттағы қызмет көрсетуге тартуға, осы мақсатта жеңгетайлық жасауға, үгіт-насихатқа және жарнамаға тыйым салынады.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жезөкшелікпен айналысқаны үшін немесе жыныстық сипаттағы өзге де қызметтерді пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша тараптар татуласқан жағдайда да ешкім қылмыстық жауаптылықтан босатылмайтынын атап өтті.
Бұған дейін Қызылордада ер адам интимдік қызмет көрсетуге арналған бөлме ұсынғаны үшін жауапқа тартылған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар