Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Жаңа жыл түні ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 2021 жылдың 29-31 желтоқсанында  ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына өз ықпалын тигізеді. Қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.

Қара теңіз аудандарынан шыққан ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігіне аяз болады. 

Нұр-Сұлтанда 29 желтоқсан: көшпелі бұлт шығады, кейде қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел соғады, ауа температурасы күндіз 7-9 градус салқын, күндіз одан да төмендейді.

30 желтоқсан: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 22-24 градус аяз болады.

31 желтоқсан: жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 14-16 градус аяз болады.

Алматыда 29 желтоқсан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

30 желтоқсан: жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с, түнде 5-7 аяз, күндіз 1-3 жылы.

31 желтоқсан: көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде минус 7-9 градус, күндіз 1-3 градус жылы.

Талқылау