Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының шекті құны белгіленеді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан нысандардағы тұрғын үй құрылысының құнына шек қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі. 

“Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік тұрғын үй нысандарының шектік құнын белгілеу жоспарланып, құрылыс шығындары шектеледі”,-делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар министрлік сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында құрылыс саласын цифрландыруды көздейді. Нақтырақ айтқанда шұңқыр қазудан бастап барлық процесті онлайн бақылауға мүмкіндік беретін “Е құрылыс” ақпараттық жүйесі орналастырылады. Жүйеге барлық ГАСК органдары қосылды, оған техникалық қадағалау мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің барлық реестрлері жүктелді.

Құрылыс жобаларының сметалық құнын жасанды түрде көтеруді барынша азайту үшін "Онлайн калькулятор" жүйесі жұмыс істейді. Ол аймаққа және нысанның техникалық параметрлеріне байланысты шекті шығындарды автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді. 

Талқылау