Ең арзаны 300-400 миллионнан басталады: Қазақстанда тойханалар жаппай сатылып жатыр
Құны миллиардтарға бағаланған зәулім сарайлардың жарнамасы сайтарда толып тұр. Қазірдің өзінде 1300-ге жуық түрлі тамақтану орындары, мейрамхана, бизнес орталықтар мен тойханалар сатылып жатыр. Сатылымға шыққан той өтетін орындардың бағасы аспандап тұр. Ең арзаны 300-400 миллионнан басталып, миллиардтарға дейін барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп хабарлайды.

Соңғы 5-6 айдан бері тойханалар қаңырап қалды. Шарасыз қалған кәсіпкерлер тойханаларын жаппай сатып жатыр. Тойханалардың көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан сатылымға қойылған. Тойға мыңдаған адам шақыратын Шымкентте тойханалар бағасы Алматы мен Нұрсұлтанға қарағанда арзан. 550 адамға арналған тойхана 750 миллионға бағаланып тұр.
Арнайы маман соңғы кездері тамақтанатын орындарды саттып жатқан кәсіпкерлердің күрт артқанын айтады.
"Біздің агенттік он жылдан бері нарықта жылжымайтын мүлік сатумен айналысады. Соңғы кездері түрлі дәмхана, мейрамханалардың иелері көптеп хабарласып, бизнестерін сатылымға қойып жатыр. Себебі, коронавирус індетіне байланысты олардың жұмыстары қиындап кетті", - дейді Виталий Браиловский.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі