Қазақстанда соңғы жылдары түсірілген ең үздік сериалдар анықталды
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен алғаш рет ұйымдастырылған "Nauryz" ұлттық сериалдар бәйгесінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау нәтижесі төмендегідей болды:
- Үздік тарихи сериал – "Міржақып. Оян,Қазақ!". "Qazaqstan" ұлттық арнасы
- Үздік драмалық сериал – "Ақжауын". "Qazaqstan" ұлттық арнасы
- Үздік комедиялық сериал – "Келінжан". "Хабар" телеарнасы
- Үздік веб-сериал – "Serjan Bratan". Salem Social Media
- Үздік актер – Дулыға Ақмолда. "Serjan Bratan" сериалы
- Үздік актриса – Жанель Сергазина. "Няня" сериалы
- Екінші пландағы үздік актер – Рүстем Жаныаманов. "Келінжан" сериалы
- Екінші пландағы үздік актриса – Камалия Байтелеуова. "Ақ пен қара" сериалы
- Үздік режиссер – Ерлан Нурмухамбетов. "Қаныш.Қазына". "Qazaqstan" ұлттық арнасы
- Үздік сценарист – Бекзат Мырзахметова. "Mystan". Salem Social Media
- Үздік қоюшы-оператор – Бағдат Арғынов. "SHEKER", "Serjan bratan", "5:32".Salem Social Media
- Үздік монтаж – Рахимжан Яхьяров. "Ақ пен қара". "Хабар" телеарнасы
- Үздік саундтрек – "Sheker". Salem Social Media
Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімімен Наурыз ұлттық байқауының Арнайы сыйлығы - Шет елге сатылған үздік коммерциялық "Патруль" сериалына беріледі.
Екінші Арнайы сыйлық бірінші отандық "Перекресток" сериалына табысталды.
Жеңімпаздар отандық телесериалдар өндіру саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін "Nauryz" мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.
“Қазақ тілінің арқасында кәріс тілін үйрендім”: Желіде қазақша сөйлеген кәріс азаматы жұрттың ықыласына бөленді
Владислав қазақ тілін арнайы сабақ алып үйренбеген
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті