Қазақстанда сегіз өңір "қызыл" аймаққа кірді
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы "қызыл" аймақта тұрғанына 12 күн болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
"Қазіргі таңда "қызыл" аймақта 8 өңір бар - Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстары. Соңғы аптада төрт облыс аймақ "сары" аймаққа көшті. Бүгінде "сары" аймақта жеті өңір бар - Шымкент, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай және Павлодар облыстары", - деді Алексей Цой үкімет отырысында.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, "жасыл" аймаққа тек екі өңір кіреді - Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Еске салайық, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекция жұқтырған 2290 жағдай анықталды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”