Қазақстанда Ресей азаматтығын алғаны туралы ақпаратты жасырған үш әйелге айыппұл салынды
Қазақстанда Ресей азаматтығын алғаны туралы ақпаратты жасырған үш әйелге айыппұл салынды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Көліктегі полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді.

Полицейлер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекарашылары Қарағанды әуежайында 26, 45 және 51 жастағы әйелдерді ұстады. Тексеру барысында ұсталғандардың Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қос азаматтығы бар екені анықталды, дейді ол.
"Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының қаулысымен әйелдер 428 820 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды", - деп қосты Айтуғанов.
Полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің "Шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабарламау" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған.
"Таза қазақша сөйлегім келеді": Парижде тұратын француз қызы қазақ тілін үйреніп, мәдениетін дәріптеп жүр
Элиз әлеуметтік желі арқылы қазақ тілін үйреніп алған
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған