Қазақстанда Рамазан айында балаға ең көп қойылған есімдер белгілі болды
Қазақстанда қасиетті Рамазан айында Рамазан есімді 1 085 ұл және Медина есімді 430 қыз дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ұлдар арасында ең көп таралған есімдер рейтингінде екінші орында Айсұлтан тұр. Бұл есім 248 ұлға қойылды. Үздік үштікке Әлихан есімі енді – мұндай есім 174 ұлға берілді.
"Қыздар арасында ең көп таралған есім Медина болды. Сәуір айында жаңа туған 430 нәрестеге осы ат таңдалды. Екінші орында – Раяна (383 қыз). 343 қызға берілген Айша есімі үшінші орынға ілікті", – делінген Ұлттық бюро ақпаратында.
Биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталды. Екінші мамыр күні мұсылмандар Ораза айт мейрамын атап өтіп жатыр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"