Қазақстанда енді полицияны Egov Mobile қосымшасы арқылы шақыруға болады
Фото: polisia.kz
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” атты жаңа цифрлық сервисін іске қосты. Енді азаматтар полицияға тікелей Egov қосымшасы арқылы хабарласа алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қосымшаның басты бетінде арнайы “Заң мен Тәртіп” түймесі пайда болды. Сол арқылы полицияға хабарламаны жедел жолдауға болады. Өтініш беру қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға төнген қауіп сияқты жағдайлар туралы дабыл бірден полицияға түседі және полиция қызметкерлері хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді.
Осындай түймелер кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланған, бұл қызметті кең аудитория үшін қолжетімді етеді.
Сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен