Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда облыстар мен қала әкімдері жаңа әдіспен тағайындалатын болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуде енді елдегі қалалар мен облыстардың әкімдері жаңа әдіспен тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ел президенті азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихатқа баса назар аударған жөн екенін айтты.

“Мықты мәслихат өзекті мәселелердің шешімін табуда және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып дербестігін қамтамасыз ету үшін  мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Сондай-ақ мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс  әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын. Қазір мәслихат депутаттары мемлекет басшысы ұсынатын бір ғана кандидатураны қарастырады”, - деді Тоқаев.

Мәслихаттың рөлін және халықтың билікке сенімділігін арттыру мақсатында енді облыс және қала әкімдері жаңа бағытта тағайындалады.

“Әкім тағайындау туралы ережелерге өзгерістер енгізіп, президент балама негізде екі әкімді ұсынады. Олардың қарқын қабілеттеріне қарай отырып президент мәслихат таңдаған тұлғаны әкімдік қызметке тағайындайтын болады. Бұл жанама сайлау. Және президент мәслихат кеңесінсіз қала, облыс, аймақ әкімдерін қызметінен босата алады. Биліктің өкілді тармағын қайта пішімдеуге арналған барлық ұсыныстар жаңа Қазақстанның болашағын жандандыратын болады”, - деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Талқылау