Қазақстанда Наурыз мерекелерінде корпоративтік кеш өткізуге рұқсат етіле ме?
Алматының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов қала тұрғындары алдағы наурыз мерекелерінде корпоративтер өткізе ала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша Ashyq жүйесіне қосылған нысандарда бұқаралық іс-шаралар өткізуге жол беріледі. Бұған конференциялар, форумдар, мерекелер, отбасылық және естелік іс-шаралар кіреді.
"Корпоративтер, басқа да бұқаралық іс-шараларды тек Ashyq жүйесі бойынша өткізу мүмкін болады. Бірақ Алматы жағдайында Ashyq нысандарында толымдылық 70%-ға дейін ғана болуы тиіс. Себебі қала "қызыл" аймақта орналасқан. Қала тұрғындары арасында COVID-19 вирусының тіркелуі төмендеген. Егер Алматы мереке алдындағы күндері немесе мереке күндері "сары" немесе "жасыл" аймаққа ауысқан жағдайда, толымдылық деңгейіне қарамастан шаралар өткізуге болады", – деді Байғабылов.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"