Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы мектептерде соңғы қоңырау маусым айында соғылады

Қазақстандағы мектептерде соңғы қоңырау маусым айында соғылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

выпускной

Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді. 

«Жыл сайын бұл іс-шара маусым айының ортасында өткізілетін. Бірақ мектеп бітірушілер үшін қорытынды аттестаттау емтихандары өткізілмейтінін және ҰБТ-ға қашықтан дайындалу қажеттілігін ескере отырып, бұл іс-шараны маусым айының басынды өткізу туралы шешім қабылдадық. Іс-шара аясында салтанатты түрде аттестаттар тапсырылып, 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады», - деді вице-министр.

Сөзінше, аттестат тапсыру рәсімі шақырылған қонақтарсыз өтетін көрінеді. 

"Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық ауада, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыруда әдеттегі мектеп формасында болу ұсынылады", - деп қосты ол.

Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мектеп түлектерінің аттестат алу рәсімі маусымда өткізілетіні жайлы айтқан болатын. 

"Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс", - деді Ералы Тоғжанов. 


Талқылау