Қазақстанда мектеп бағдарламасына "Мейірімділік сабақтарын" енгізу ұсынылды
Жануарларды қорғау қауымдастығы мектеп бағдарламасына "Мейірімділік сабақтарын" енгізуді ұсынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Мұндай сабақтарда мұғалімдер балаларды жануарларды құрметтеуге үйрете алар еді.
Жануарларды қорғаушылар елордада қаңғыбас мысықтар мен иттердің саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Бұл үй жануарларын көшеде тастап кететін иелердің жауапсыздығынан туындайды.
Мәселені шешу үшін қала қаңғыбас жануарларды зарарсыздандыруға тырысады. Мысалы, келесі жылы 2,5 мың ит пен 1,5 мың мысықты зарарсыздандыру жоспарланып отыр.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады