Қазақстанда коронавирусқа тағы 4 адам шалдықты
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелдi, Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 202 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында - 22 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 20 адам, Жамбыл облысында - 8 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 2 адам, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 19 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 464 науқас тіркелді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"