Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны тұрақтанбай жатыр

Қазақстанда өткен тәулікте 76 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кеше бұл көрсеткіш әлдеуқайда жоғары болған. Ал бүгін вирус жұқтырғандар саын қайта төмендеді. Еліміздегі статистикалық мәліметтер вирус жұқтырушылар санының тұрақтанбай жатқандығын байқатты.

Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың ішінде 31 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 7 / 2
Алматы қаласы - 10 / 6
Шымкент қаласы - 1 / 1
Ақмола облысы - 3 / 2
Алматы облысы - 2 / 1
Атырау облысы - 5 / 5
Шығыс Қазақстан облысы - 17 / 8
Жамбыл облысы - 0 / 0
Батыс Қазақстан облысы - 6 / 0
Қарағанды облысы - 8 / 1
Қостанай облысы - 3 / 1
Павлодар облысы - 5 / 0
Солтүстік Қазақстан облысы - 5 / 0
Түркістан облысы - 4 / 4

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 106301. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар санының өскені жайлы жазған болатынбыз. 


Талқылау