Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп пен аурухана директорларына бизнеспен айналысып, қосымша табыс табуға рұқсат берілмек

2 қазанда Мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды. Оған сәйкес елде мектеп пен аурухана директорларына кәсіппен айналысуға рұқсат берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

мемқызметкер сток

Фото: gov.kz

Заң жобасына сәйкес облыстық мемлекеттік кәсіпорындарда, коммуналдық кәсіпорындарда және коммуналдық мемлекеттік органдарда басшылық қызмет атқаратындарға кәсіппен айналысуға рұқсат берілмек. Бұл қатарға аурухана мен мектеп директорлары да жатады. 

“Конституциялық сот азаматтардың өтініші бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның 13-бабын Конституцияның 26-бабының 4-тармағы мен 39-бабының 1-тармағына сәйкес келмейді деп таныды. Атап айтқанда, Конституциялық Сот мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғаларға қатысты шектеулер олардың кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі құқықтарын бұзатынын анықтады”, – делінген нормада.

Осыған байланысты заң жобасында мемлекеттік қызметтен бөлек басқа да қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салуға байланысты шектеулер қолданылатын шенеуніктердің тізімі нақтыланады. 

“Енді бұл шектеулер облыстық мемлекеттік кәсіпорындарда, коммуналдық кәсіпорындарда және коммуналдық мемлекеттік органдарда басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды. Алайда егер бұл олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiрсе, қызметтiк мүлiктi пайдалануға әкеп соқса немесе мүдделер қақтығысын тудырса, коммерциялық ұйымның қызметiне қатысуға, кәсiпкерлiк немесе өзге де ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ”, – делінген заң жобасының мәтінінде. 

Талқылау