Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық дәрігерлер жеті жасар қыздың асқазанынан 100-ден астам магнит алды

Нұр-Сұлтандағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының мамандары жақында жеті жасар қыздың асқазанынан 100-ден астам магнит алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2020 жылдың өзінде Нұр-Сұлтандағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жүгінген 162 баланың өңеш, асқазан, асқазан-ішек жолдары (АІЖ) және бронхтарына бөгде заттар түсіп кеткені анықталды. 

Аурухананың мәліметінше, 56 баланың өңешінен магнитке ұқсас бөгде заттар алынған. Ал 80 баланың асқазан мен асқазан-ішек жолдарынан табылған. 30 баланың бронхтар мен тыныс жолында тұрып қалған. 

"Өткен аптада магнитті-резонансты томографиялық (МРТ) зерттеу үшін ауруханаға түскен 7 жасар қызға операция жасалды. Баланың мұрнын тексеру кезінде дәрігерлер мұрын септумының перфорациясын магниттер бітеп қалғанын анықтады. Осыдан кейін бала рентгендік зерттеуге жіберілді. Ал ол жақта да асқазанда магниттердің жиналғаны анықтады. Нәтижесінде біз 100-ден астам кішкентай магнитті шығардық. Қазіргі уақытта тексеру және емдеу толық көлемде жүргізілуде", – деді аурухананың хирургиялық блогының жетекшісі Ринат Байгиреев.

Хирург-дәрігер Серікжан Нұржановтың айтуынша, ауруханаға негізінен көбіне 1-5 жас аралығындағы түйме, моншақ, қашықтан басқару пультіндегі батареялар сияқты әртүрлі ұсақ заттарды жұтып қойған балалар келеді.

“Дәрігерлер шығарған бөгде заттардың 17 пайызы – магниттер. Көбінесе мұндай жағдайлар ойнап жүріп, қараусыз қалғанда болады. Егер бала магнитті жұтып қойса, ол өңеште тіреліп қалады, ал басқа жағдайлар да асқазанға түседі. Одан әрі бөгде заттардың асқазан-ішек жолдарына түсіп кетуіне айналмалы бұлшық ет кедергі келтіреді. Егер магниттің өткір, үшкір тұстары болса, өңештің шырышты қабығының әртүрлі тереңдікке, тіпті оның толық сызықтық үзілуіне дейін зақымдануы мүмкін. Әсіресе ауыр зардаптар бөтен затты бірден емес, бірнеше күннен кейін шығарған жағдайларда болады. Кең көлемді қабыну инфильтрациясын ғана емес, сонымен қатар тіндердің некрозын да тудыратын жаралар пайда болады", – дейді ол. 

Сондай-ақ, мамандар бөгде зат денеде неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым бала үшін қауіпті болатынын жеткізді. 

"Егер бала бір магнитті жұтып қойса, онда ол негізінен табиғи түрде өзі шығады. Егер олар денеде ұзақ уақыт болса жағдай қиындайды. Магниттер асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктеріне жабысып қалады. Ал жабысқан жерде некроз перфорацияға дейін дамиды және перитонитке дейін ұласады. Егер тыныс алу жолында бөгде зат болса, онда ол ателектазды, сол жерде перфорацияға, медиастинитке дейін іріңдеуді тудырады, ал егер АІЖ - ға түссе, онда ол перфорация мен перитонитті тудырады", – дейді маман Нұржанов. 

Дәрігерлер ата-аналарға сақ болуы керектігін және осындай жағдайға ұшыраған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігін ескертеді.

Талқылау