Қазақстанда этникалық орыстарды өлтіруге шақырған ер адам қамауға алынды
Журналист Михаил Козачков елімізде этникалық орыстарды өлтіруге шақырған ер адам қамауға алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабымен іс қозғалған.
"Танысып қойыңыздар, Мукин Мейірбек Құдайбергенұлы, 1991 жылы дүниеге келген. Павлодар облысының тумасы. Жақында ол ғаламторда орыстарды өлтіруге шақырған. 14 қазанда Қарағандыда полиция қызметкерлері тұтқындап, изоляторға қамалды", – деп жазды Козачков.
Оның сөзінше, Мукин бұған дейін де істі болған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған