Қазақстанда екі кәсіби мереке күнтізбеге қосылды
Қазақстанда мерекелік күндердің қатарына тағы екі мейрам қосылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 9 наурыздағы қаулысы бойынша "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер енгізілді.
"Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: Мұғалім күні – 5 қазан, Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.
2023 жылға Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Аутист қызметкер Burger King-тегі жанжалдан соң қызметінен кетті: Анасы оның қысым мен буллингке ұшырағанын айтты
Отбасы бірнеше ай бойы Әлібектің эмоционалдық және психикалық жағдайын қалпына келтіруге тырысқан
"Піштіремін деп қорқытты": Ақтөбеде университеттің экс-оқытушысы малшыны соққыға жықты деген күдікке ілінді
Бахилин бала күнінен әркімнің малын бағып келеді