Қазақстанда екі айда 40 шенеуніктің жемқорлыққа қатысы бар екені анықталды
2 айдың ішінде 240 адамның, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 40 басшының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені әшкереленді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұсынылған деректерге сәйкес 2 айдың ішінде 240 адамның жемқорлыққа қатысы бар екені анықталды. Олардың 40-ы республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар.
Күдікке ілінген шенеуніктер ішінде 1 вице-министр, 1 қала әкімі және облыстық басқармалардың 11 жетекшісі бар. Келтірілген шығынның орнын толтыру үшін күдіктілердің құны 5,4 миллиард теңге болатын мүлкіне тыйым салынған.
Айта кетейік, бұған дейін "Самұрық-Қазына", "Самұрық-Энерго" және "Қазақстан Темір жолы" басшылығына қатысты тергеу басталған еді. Олар лауазымдарын асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды