Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2024 жылы жоғары оқу орындарына түсудің шекті балы белгілі болды

Қазақстанда 2024 жылы жоғары оқу орындарына түсудің шекті балы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

"ЖОО-ға негізгі бағыттар бойынша құжат тапсыратындардң шекті балы – 50 балл. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – 65 балдан кем емес", – деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" мамандығы бойынша оқуға шешім қабылдаған талапкерлер ҰБТ-да кемінде 70 балл жинауы керек.

"Құқық" және "Педагогика ғылымдары" білім беру бағдарламалары бойынша шекті балл – 75.

"Талапкерлер әр университеттің шекті балды өзі белгілей алатынын ескеруі керек. Бұл құқық оларға академиялық еркіндіктің бір бөлігі ретінде төрт жыл бұрын берілген. Мысалы, 80 балл жинаған талапкер математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді және жоғары оқу орнына түскісі келеді. Негізінде "Педагогикалық ғылымдар" бойынша шекті балл –  75 балл, ал ұлттық университеттер үшін – 65 балдан кем емес. Студенттің жинаған балы оқуға түсу үшін жеткілікті. Алайда ол шекті балы жоғарғы университетті таңдаса, таңдалған университетте 85 балдан басталса, онда шекті балы төмен университет іздеуге тура келеді. Жоғары оқу орындарының шекті балдары туралы ақпарат жақын арада ҰТО сайтында жарияланады", – деді білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда қай ЖОО студенттері басқаларына қарағанда тез жұмыс табады және қанша жалақы алатыны белгілі болған. 

Талқылау