Қазақстанда 20 адам коронавирустан емделіп шықты
Кеше Алматыда коронавирустан ем қабылдаған тағы екі науқас аурудан айығып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Науқастың бірі, әйел адам, Франкфурт –Нұр-сұлтан – Алматы бағыты бойынша ұшып келген. Ал екіншісі Мәскеу – Алматы рейсімен келген екен. Індет жұқтырғандар тиісті ем-дом шараларын алды.
Бұдан былай екі науқас та медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады.
Бүгінгі күні Қазақстанда індеттен айыққандардың саны 20-ға жетті.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды