Қазақстан тұрғын үй компаниясы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс шұғыл түрде сотқа жіберілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс шұғыл түрде сотқа жіберілді. Аталған компания Қазақстандағы жалғыз тұрғын үй операторы болып саналады және ол "Бәйтерек" холдингінің құрамына кіреді. Ол заңды тұлға құрылтайшысынан жалпы мүлікті басқару қызметін ұйымдастыру (жылу және электр қуатымен қамтамасыз қамтамасыз ету) туралы актіге қол қойып, 2,4 млн теңге пара алғаны үшін күдікке ілінді", - деді Данияр Бекайдаров агенттікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, істің мән-жайы сот тергеуі аяқталған соң белгілі болады.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды